← Все заказы

Продуктовый маркетолог

Daryn.online

13 ч назад

Текст заказа

🚀 DARYN.USTAZ КОМАНДАСЫНА ПРОДУКТ МАРКЕТОЛОГЫН ІЗДЕЙМІЗ!
Daryn.Ustaz – «Әділет» партиясымен бірлескен, еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдерге арналған республикалық ауқымдағы жоба.
Бүгінде жоба:
Қазақстан бойынша 400 000+ мұғалімді қамтиды;
Жасанды интеллектпен (AI) жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынады;
Мемлекеттік деңгейде сенім мен танымалдыққа ие.
Біздің мақсатымыз – Қазақстандағы әрбір мұғалімнің жұмысын жеңілдететін AI шешімдерін әзірлеп, оларды кеңінен тарату.
Қазіргі уақытта командамызға өнімнің дамуына үлес қосатын, клиенттерді тарту және ұстап қалу стратегияларын әзірлейтін Продукт маркетологын (Product Marketer ) іздейміз.
💼 Сіздің негізгі міндеттеріңіз:
Жаңа клиенттерді тарту және қолданыстағы клиенттерді ұстап қалу бойынша маркетингтік гипотезалар құрастыру және тестілеу;
Платформаны пайдаланушылар санын арттыру (DAU & MAU);
Платформаны тұрақты пайдаланатын клиенттерді апталық, айлық және жылдық ақылы жазылымдарға конверсиялау;
Өнімді пайдалану белсенділігін және клиенттердің төлем жасау көрсеткіштерін арттыру;
Өнімнің тиімділігін арттыруға бағытталған маркетингтік шешімдер ұсыну.
🎯 Қандай талаптар маңызды:
Өнім маркетингі немесе Digital Marketing бағытында 1–3 жыл жұмыс тәжірибесі;
Өнім маркетингі, Digital-маркетинг және маркетингтік стратегия негіздерін білу;
Аналитикалық ойлау және гипотезалармен жұмыс істей білу;
Коммуникацияға бейімділік;
Жауапкершілік және уақытты тиімді басқара білу.
Қосымша артықшылық болады, егер:
Digital Marketing немесе Product Management бағытындағы курстардан өткен болсаңыз.
💰 Біз ұсынатын шарттар:
Тұрақты жалақы: 250 000 – 300 000 ₸;
KPI бонусы: 100 000 – 300 000 ₸;
Жұмыс кестесі: 5/2, толық жұмыс күні;
Жұмыс уақыты: 10:00–19:00;
Толық жұмыспен қамту.
Маңызды: Тек толық жұмыс күніне шығуға дайын, тұрақты жұмыс форматын қарастыратын мамандарды қабылдаймыз. Жартылай жұмыс күні немесе қосымша жұмыс іздеп жүрген кандидаттар қарастырылмайды.
📩 Егер сіз өнімді дамытуға, маркетингтік гипотезаларды іске асыруға және нақты нәтижеге жұмыс істеуге дайын болсаңыз, біз сізді командамызда күтеміз!

Похожие заказы