Текст заказа
Вакансия компании: Halal Way
Создана: 10.11.2026
Регион: Алматы
Предполагаемый уровень месячного дохода: от 300 000 до 2 000 000 ₸
Кіріс өтінімдерімен жұмыс жасайтын маман | BioHayat
300 000 ₸ бастап табыс | Суық қоңыраулар жоқ | Дайын өтінімдер | Тегін оқыту
Компания туралы
BioHayat — нарықта 10 жылдан астам тәжірибесі бар, тұрақты дамып келе жатқан компания. Біз денсаулық пен ағзаны қолдауға арналған өнімдерді ұсынамыз.
Бүгінде командамызда 200-ден астам қызметкер бар. Сату бөлімінің кеңеюіне байланысты белсенді, ашық мінезді, адамдармен қарым-қатынас жасауды ұнататын және жақсы табыс тапқысы келетін мамандарды командамызға шақырамыз!
Сіздің міндеттеріңіз :
Таргет жарнамасы арқылы келіп түскен клиенттердің дайын өтінімдерін өңдеу.
Өнімдеріміз бойынша клиенттерге кеңес беру.
Клиенттердің қажеттіліктерін анықтап, сәйкес өнімдерді ұсыну.
Жылы және ыстық клиенттік базамен жұмыс істеу.
Клиентті сатып алу шешімін қабылдағанға дейін сүйемелдеу.
Клиенттермен жұмысты AmoCRM жүйесінде жүргізу.
Жеке сату жоспарын орындау және белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізу.
Маңызды артықшылығы: клиенттерді өзіңіз іздеудің, суық қоңыраулар шалудың немесе әлеуетті сатып алушыларды өз бетіңізше тартудың қажеті жоқ. Компания тарапынан тұрақты түрде дайын өтінімдер ұсынылады.
Қанша табыс табуға болады?
Біз жеке нәтижеге негізделген ашық әрі түсінікті мотивациялық жүйені ұсынамыз.
Алғашқы 2 ай (сынақ мерзімі):
100 000 ₸ тұрақты жалақы.
Қосымша төленген тапсырыстардан 12–15% сыйақы.
Үшінші айдан бастап:
Пайыздық төлем жүйесіне көшу.
Төленген тапсырыстардан 8–15% сыйақы.
Пайыз мөлшері бөлімнің мотивациялық жүйесіне байланысты белгіленеді.
Біздің мамандарымыз айына 300 000тг - 2 000 000тг аралығында табады.
Табыстың жоғарғы шегі жоқ! Нәтижеңіз неғұрлым жоғары болса, табысыңыз да соғұрлым артады.
Біз ұсынатын жағдайлар:
Жұмыс кестесі: 6/1, сағат 09:30–18:30.
Кеңседе жұмыс істеу.
Алғашқы 2 күн — компания есебінен тегін оқыту.
Үшінші күннен бастап жұмысқа кірісу және тәлімгердің қолдауы.
Сынақ мерзімі — 2 ай.
Сынақ мерзімінен сәтті өткеннен кейін ресми жұмысқа қабылдау.
Тұрақты оқыту және кәсіби даму.
Мансаптық өсу, басшылық қызметке дейін көтерілу мүмкіндігі.
Біз қандай үміткерді іздейміз?
Біз үшін маңыздысы:
Қазақ тілінде еркін сөйлей білу.
Ойын сауатты әрі сенімді жеткізе білу.
Адамдармен қарым-қатынас жасауды жақсы көру.
Әртүрлі клиенттермен тіл табыса білу.
Белсенділік, бастамашылдық және жауапкершілік.
Ұқыптылық пен уақыт тәртібін сақтау.
Өмірге позитивті көзқарас.
Жақсы табыс табуға және дамуға деген шынайы ниет.
Сату саласындағы тәжірибе артықшылық болып саналады, бірақ міндетті емес. Тәжірибесі жоқ үміткерлерді де нөлден бастап үйретуге дайынбыз!
Неліктен BioHayat?
Нарықта 10 жылдан астам тұрақты жұмыс тәжірибесі.
200-ден астам қызметкерден құралған команда.
Дайын клиенттік база және тұрақты өтінімдер ағыны.
AmoCRM жүйесімен жұмыс.
Компания есебінен тегін оқыту және тәлімгерлік қолдау.
Қосымша сыйақылар, бонустар және бағалы сыйлықтары бар байқаулар.
Мансаптық өсу мүмкіндігі.
Жайлы кеңсе және қолайлы орналасу.
Намаз оқуға мүмкіндік.
Корпоративтік іс-шаралар мен тимбилдингтер.
Компания өнімдеріне қызметкерлерге арналған жеңілдіктер.
Қызметкерлердің ұсыныстары мен бастамаларына ашық басшылық.
Біздің командамыздың бір бөлігі болуға дайынсыз ба?
Егер сіз адамдармен қарым-қатынас жасауды ұнатсаңыз, өз қабілетіңізді дамытып, жоғары табыс тапқыңыз келсе — біз сізді командамызда күтеміз!
Вакансияға өтінім қалдырыңыз. Біз сізбен байланысып, сұхбатқа шақырамыз.
BioHayat — қарым-қатынас жасау қабілетіңізді табыс көзіне айналдырыңыз!